Педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу
2023 жылғы 28 қыркүйекте Қарттар күні мен мұғалімдер күні қарсаңында Денисов ауданының білім бөлімі «№1 Денисов жалпы білім беретін мектебі» КММ базасында өткен «Ұстаздар, сіз біздің өмірімізде мәңгі қаласыз» атты Денисов ауданының білім беру саласына үлес қосқан педагогикалық еңбек ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге педагогикалық еңбектің 35 ардагері қатысты.
Ардагерлер үшін Денисов ауданының балабақшаларының, музыка мектебінің, балалар шығармашылығы үйінің және білім беру ұйымдарының шығармашылық ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Денисов ауданы кәсіподақ филиалының төрағасы И.В. Колыханова ардагерлерге құттықтау сөз сөйледі.
Көп жылғы еңбегі үшін барлық педагогикалық еңбек ардагерлеріне білім бөлімінің алғыс хаттары табысталды.