Skip to content Skip to left sidebar Skip to footer

Бүгін Денисов ауданының білім беру ұйымдарының директорларына Денисов ауданының білім бөлімінің жаңа басшысы таныстырылды

«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабының 1-тармағына, 30-бабының 1-тармағына сәйкес, 2023 жылғы 1 қарашада Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымына Қайрат Хайдарұлы Әлиев тағайындалды.

Бүгін Денисов ауданының білім беру ұйымдарының директорларына Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының орынбасары Абылай Наурызбайұлы Омаров Денисов ауданының білім бөлімінің жаңа басшысын таныстырды.

Әлиев Қайрат Хайдарұлы 1986 жылы Денисов ауданында дүниеге келген. Үйленген, екі баласы бар.

2008 жылы Қостанай педагогикалық колледжін «Математика мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, 2008 жылдан 2009 жылға дейін ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметін атқарды. 2014 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын «Информатика және есептеу техникасын оқыту» мамандығы бойынша бітірген. 2008 жылы Қамысты ауданы Клочков ОМ математика мұғалімі, 2010 жылы Қамысты ауданы Алтынсарин ОМ БӘД және ТБ оқытушысы болып жұмыс істеді, 2011 жылы Қамысты ауданының білім бөлімінің бала құқықтарын қорғау жөніндегі маманы, 2011 жылдан 2017 жылға дейін Денисов ауданының білім бөлімінің әдіскері, 2017 жылғы 10 қаңтардан 20217 жылғы 25 тамызға дейін Денисов ауданының білім бөлімінің әдіскері, 2017 жылдан 2021 жылға дейін Ұзынкөл ауданының № 1 Ұзынкөл орта мектебінің директоры, 2021 жылғы қарашадан 2023 жылғы 31 қазанға дейін Ұзынкөл ауданының білім бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Қайрат Хайдарұлының педагогикалық салада үлкен тәжірибесі бар. Өзін сауатты және мақсатты басшы ретінде көрсетті. Абылай Наурызбайұлы Қайрат Хайдарұлына жаңа орында табыс тіледі.

Подписаться
Уведомить о
guest
0 Пікір
Межтекстовые Отзывы
Посмотреть все комментарии
0
Оставьте комментарий! Напишите, что думаете по поводу статьи.x
kkKazakh