«№3 Денисов орта мектебі» КММ Дөңгелек үстел Тақырыбы: «Заң және заман»

Қылмыс жасағаны үшін жазаға тартқаннан гөрі оның алдын алған әлдеқайда жақсы. Алдын алу жұмысының нәтижелі болуы алғаш жасалған теріс қадамның дер кезінде анықталуынан ғана емес, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеруге де байланысты.
Мектеп жасындағы балалардың құқықтық санасының төмендігі олардың қылмысты көп жасауына, заң талаптарына өз талаптарын  қарсы қоюына әкеліп соғады. Сондықтан оқушылар қылмысының алдын алып, құқықтық тәрбие беру бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Құқықтық тәрбие – кәмелетке толмағандар арасында заң ұғымдарын насихаттай отырып, жасөспірімдерді қажетті заңдылық біліммен қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жастарды заңның негізгі принциптерін біліп қана қоймай оны меңгере білуге де үйрету қажет.  Оқушыларға балалар құқығы туралы білімдерін толықтыра отырып, өмірдегі кездесетін келеңсіз жағдайлармен таныстыра отырып, балалар құқығын қорғауға үйрету. Оқушылардың құқықтық білімін тексере отырып, өз мүдделерін қорғай алатын, өзіндік ұсыныс-пікірлері мен көзқарастарын, ойларын ашық айтатын, сөзге шешен, кемел ойлы , елжанды азамат ретінде тәрбиелеу. Оқушылардың ойлау, тыңдау, өз ойларын еркін жеткізе алу мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілеттерін шындау

Мақсатында  ата – анамен мен оқушылар арасында өтілген «Заң және мен» дөңгелек үстеліне  Ауданымыздың мектепке бөлінген учаскелік полиция лейтенанты Серікжанов Н.Б  және  «Отбасы клубының » мүшелері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар бала тәрбиесіндегі ата-ананың,отбасының ролі жайында ашық ойларын білдіріп,пікір алмасып отырды.

 

 

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.