ЕНДІ БІЗДЕ ДЕ ШЕРУ ! / ТЕПЕРЬ И У НАС ПАРАД !

1 маусым 2018 жылы сағат 11.00-де Денисов ауданында Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласының “Сәлем саған, Астана!” 20-жылдығына және  Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған балалар және жастар музыкалық оркестрлері мен ансамбльдерінің шеруі болып өтті.

Шеру – бұл еліміздің барлық білім беру ұйымдарын біріктіретін кең көлемді республикалық акция.

Бұл Республиканың мәдени өміріндегі бірегей оқиға. Ол 2017 жылы іске қосылды және жыл сайын ұдайы жүргізіліп отыратын болды.

Осы іс-шараның  мақсаты эстетикалық және патриоттық тәрбие беру факторы ретінде оқушылардың көше-фестивальдік шеруін қолдау және дамыту болып табылады.

Денисов ауданында парад шеруі “Өрле, Қазақстан!”  жобасы, “Тәрбие және білім” кіші бағдарламасы,”Рухани жаңғыру” қоғамдық сананы жаңғырту  бағдарламасы аясында алғаш рет болып өтті.

Денисов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Д.Б.Сикирова өз сөзінде биылғы жылы шеру бір мезгілде барлық қалалары мен аудандарында өтіп жатқандығын атап өтті.

Шеруге ауданның 13 мектебі және 2 қосымша білім беру ұйымы қатысты. Жалпы қамтылған оқушылар саны 400-ден астам оқушы.

Киімдердің алуантүрлігі, шығу ерекшелігі, музыкалық қызметтің бірнеше түрлерінің қосылысы: ән салу, хореографиялық композициялар, сондай-ақ домбырашылар ансамблі, би ұжымдары және көптеген басқа да ерекшеліктер балалық шақтың ең жарқын және есте қаларлық көріністері балалар мерекесін жасай білді.

Әрбір мектеп басқа да шеруге қатысушылардан өздерінің ерекше костюмдарымен, билерімен және өздерін таныстырудағы шығыстарымен ерекшеленуге барынша тырысып бақты. Осы музыкалық-театрландырылған көрініс бір сағатқа жуық уақытқа созылды, алайда бірде-бір көрермен балалардың бақытты жүздеріне қараудан еш шаршаған да жалыққан да жоқ.

Биылғы жылы Халықаралық балаларды қорғау күні ауданымыздың балалары үшін ең жарқын мерекелердің біріне айналды.

 

 

Білім бөлімінің әдіскері

С.Ш.Бултаева

 

ТЕПЕРЬ И У НАС ПАРАД !

 

 1 июня 2018 года в 11.00  в Денисовском районе  состоялся Парад детских и молодежных музыкальных оркестров и ансамблей, посвященный 20-летию  столицы Республики Казахстан- города Астаны «Сәлем саған, Астана!» и Международному дню защиты детей.

    Парад – это широкомасштабная республиканская акция, которая объединяет все образовательные организации нашей страны.

   Это уникальное событие в культурной жизни республики, которое  было запущено в 2017 году и стало проводиться ежегодно.

   Целью данного мероприятие является  поддержка и развитие парадного, улично-фестивального шествия школьников, как фактора эстетического и патриотического воспитания.

   В Денисовском районе  шествие парада прошло впервые   в рамках проекта «Өрле, Қазақстан!», подпрограммы «Тәрбие және білім»,  программы модернизации общественного сознания «Рухани жаңғыру».
И.о.руководителя  отдела образования  Денисовского района  Сикирова Д. Б.  в своем выступлении  отметила, что в этом году парад проходит одновременно во всех городах и районах республики.

   В шествии Парада  приняли участие 13  школ и 2 организации  дополнительного образования района с общим охватом более 400  учащихся.

   Разнообразие костюмов, оригинальность выхода, соединение в выступлении нескольких видов музыкальной деятельности: пение, хореографические композиции,  а также выступление ансамбля домбристов, танцевальных коллективов и многое другое сделало праздник детства одним из самых ярких и запоминающихся зрелищ.

   Каждая школа постаралась отличиться от остальных участников парада особенным костюмом, танцем и выходом. Около часа длилось это музыкально-театрализованное представление, но никто из зрителей не устал смотреть на счастливые лица детей.

   В этом году Международный день защиты детей  стал одним из ярких праздников для детей  нашего района.

 МЕТОДИСТ

 ОТДЕЛА ОБРАЗОВАНИЯ

Бултаева С.Ш.

2

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.