«Рухани жаңғыру және үш тұғырлы тіл»

Мектеп – жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін басты орын екені белгілі. Ал сол мемлекеттің келешек иелерін оқытып, тәрбиелеп жатқан мұғалімдердің тек өз мамандығы бойынша шектеліп қалмай, қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістерден хабардар болып, оған өзіндік үн қосып отыруы қажет-ақ. Мектептегі жоспарлы апталықтардың бірі қоғамдық – гуманитарлық пәндер апталығы аясында «Рухани жаңғыру және үш тұғырлы тіл» атты конференция өткізілді. Мектепшілік конференцияға ұстаздар түгел қатысты. Жиын негізінен екі мәселені ортаға салып талқылады. Ол еліміздегі тілдердің жағдайы мен латын әріпіне көшу мәселесі. Жиынның тәртібіне сәйкес төрт баяндамашы тыңдалды. Баяндамашылар мемлекеттегі қазақ, орыс, ағылшын тілдерінің қазіргі жағдайы, болашағы, латын әріпіне көшу мәселесі жайлы сөз қозғаса, өзге мұғалімдер де бұл мәселелерге қатысты өздерінің ой-пікірлерін білдірді. Ұстаздар қауымының ой-пікірі негізінен бір арнада тоғысты. Ол – мемлекеттік тіл қазақ тілін әрбір ел тұрғынының білу қажеттігі, БҰҰ бойынша мойындалған халықаралық алты тілдің бірі болып саналатын орыс тілінінің мүмкіндіктерінен айырылып қалмау және дамыған 30 елдің қатарына кіруді мақсат тұтқан еліміздің ол межеге ағылшын тілінсіз жете алмайтындығы. Яғни, бізге үштілділік қажет. Бұл заман талабы. Латын әріпіне көшу қазір жиі сөз болатын тақырып. Жиынға қатысушылар латын жазуына көшудің маңыздылығын мойындай отырып, тек сол алфавит жүйесіне көшу барысындағы кездесетін қиындықтарға алаңдаушылық білдірді. Жиын мектеп деңгейінде ғана болғанымен жоғары сапада ұйымдастырылды. Қорыта айтқанда, ұстаздар қауымы елдегі тіл саясаты мен латын әріпіне көшу мәселесінде мемлекет саясатын қолдайтынын білдірді.

 

«№3 Денисов орта мектебі» КММ тарих пәні мұғалімі: Марат Қайсарбекұлы.

Читайте также:

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.